Елбасы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайындағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты

Ы. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - 2011 жылы VII Қысқы Азия ойындары өтетін Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайындағы күрделі жөндеу жұмыстарының 95 пайызы аяқталды. Оны спорт сарайының директоры бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ондағы жөндеу жұмыстарының барысымен таныстыру кезінде айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

В. Кацевтің жобалауы бойынша салынған "Октябрьдің 50 жылдығы атындағы спорт сарайы" деп аталатын бұл кешен 1967 жылы іске қосылған болатын. 1992 жылы шілденің 10-ы күні Министрлер Кабинетінің қаулысымен ол ақын, әнші және композитор Балуан Шолақ есімімен аталды. Спорт сарайын ұзақ жылдар бойы басқарып келе жатқан Юрий Захариннің айтуынша, Мемлекет басшысы ондағы күрделі жұмыстарының барысына өз ризалығын білдірді. Онда алдағы уақытта жабық кешендегі Азия ойындары өтетінінен құлағдар болды. Сондай-ақ шілденің 6-11-і күндері өткен «ҚР Президенті кубогы" XVII Халықаралық турнирінде биыл қатарынан екінші рет бірінші орын алған Қазақстан әйелдер құрамасының ойыншыларымен кездесіп оларды жеңістерімен құттықтады.

«40 жылдан астам уақыт бойы жұмыс жасап келген спорт сарайы физикалық және моральдық жағынан әбден тозған болатын. Өткен жылы басталған күрделі жұмыстардың қазір 95 пайызы аяқталды. Онда трибунадағы орындар 5 мың орынға дейін ұлғайтылып, 10 мың шаршы метрлік бірқатар қосымша спорт бөлмелері салынды. Жыл соңына қарай 650 орындық көлік тұрағы мен жаттығу катогы іске қосылмақ», дейді Юрий Кузьмич. Оның сөзіне қарағанда жөндеу жұмыстарына алғашқы кезекте 14,5 миллиард теңге жұмсалған. Қазір екінші кезектегі жөндеу жұмыстарының сметасы жасалып жатыр. Оған 7-8 миллиард теңге бөлінбек.

Соңғы жаңалықтар