Елбасы бата берген балалар аман-есен өсіп келеді

ОРАЛ. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылы облысқа келген сапары кезінде Орал қаласында жас отбасыларға арналған 90 пәтерлік үйдің ашылу салтанатына қатысқан болатын, сол кезде Ғұсмановтар отбасында өсіп келе жатқан егіздерді байқап, олардың қолын алып, маңдайынан иіскеген еді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Нұрлыбек пен Гүлмира Ғұсмановтардың өз замандастарынан ерекшелігі ? олар жиырма төрт жасында-ақ төрт баланың ата-анасы атанды. Ең қызығы, балаларының үлкені де, кішісі де егіз. Алдымен Уәлихан мен Нұрлыхан дүниеге келсе, кейін Арсен мен Әнуар өмір есігін ашты. «Әр бала өз несібесімен келеді» деген, жас отбасының көп ұзамай-ақ ісі оңға басты. Нұрлыбек Атыраудағы «Теңізшевройл» компаниясына монтажшы болып жұмысқа кіріссе, оған қоса «Жас отау» серіктестігіне құжаттарын тапсырып, көп балалы жас отбасы ретінде жаңа салынған үйден баспана алды. Әрі оларға бес қабатты үйден өздеріне ыңғайлы қабатты таңдау құқығы берілді. Бұл үйді ашуға Елбасының өзі келуі жас отбасылар үшін үлкен қуаныш болды. «Елбасы батасын берген төрт баламыз аман-есен өсіп келеді. Бастапқы кезде оларды қалай асыраймыз деп уайымдайтынбыз. Қазір біз оларды емес, сәбилер бізді асырап жүргендей сезінеміз», дейді олар. Аталмыш тұрғын үй ? еліміз облыстарында жас отбасыларға арналып салынған тұңғыш баспана.
Соңғы жаңалықтар