Елбасы білім сапасын көтеру қажеттігіне назар аударды
деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметінен. Министр Мемлекет басшысын Қазақстанның білім және ғылым саласында атқарылып жатқан ағымдағы жұмыстар мен саланы дамытудың перспективалық бағыттары туралы хабардар етті.
«100 мектеп» бағдарламасы бойынша қыркүйектің 1-інде 25 мектеп пайдалануға берілді. Тағы 19 мектеп жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Ағымдағы жылы орта мектептерді жөндеуге 27 миллиард теңге бөлінді. Ол сомаға 2 мыңға жуық мектеп жөнделді, тағы 5 мың мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды. 58 жаңа балабақша пайдалануға берілді.
Елбасының тапсырмасына сәйкес Көкшетау және Семей қалаларында Қазақстан Республикасы тұңғыш Президентінің зияткерлік мектептері ашылды. Жылдың соңына дейін тағы бір мектеп Астанада ашылады.
- Әңгіме барысында Елбасы білім сапасын көтеру қажеттігіне назар аударды. Осыған байланысты мұғалімдер арасында тұрақты аттестациялау жүргізіліп тұрады. Біздің жастарымыздың білімінің сапасы оқытудың сапасына байланысты», - деді Ж.Түймебаев.