17:47, 26 Ақпан 2009 | GMT +5
Елбасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің төрағасын қабылдады
АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровты қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қ.Қожамжаров Н.Назарбаевқа 2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік бағдарламасы шараларының бірінші кезеңінің орындалуы және екінші кезеңінің басталғаны туралы баяндады. Әңгіме барысында Президент сыбайлас жемқорлықпен күрес ? мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі екенін ерекше атап көрсетті. Қаржы полициясы қызметтік лауазымы мен байланыстарына қарамастан сыбайлас жемқорларды анықтауы тиіс. Прокуратура мен ҰҚК бұл жұмыста көмектесуі қажет.Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен күресте алғашқы нәтижелер бар, дегенмен бұл бағыттағы жұмысты жандандыру қажет деп атап өтті.Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыспен күрес агенттігіне Қазақстан кеніштерін игеру лицензиялары бөлінуінің заңдылығын тексеруді жалғастыру, алкоголь өнімдерін сатудан бюджетке салықтық түсімдерді бақылауға алу, сондай-ақ Үкіметтің 2009-2011 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген қаражаттардың пайдаланылуын бақылау тапсырылды.Елбасы, сондай-ақ Қ.Қожамжаровқа әрбір аймақта қаржы полициясының сенім телефондарын орнатуды және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі тиісті заңдарға түзетулер енгізуге бастамашы болуды тапсырды.