Елбасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қабылдады

АНА.  Қыркүйектің  9-ы.  ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады,  деп хабарлады ҚР  Президентінің  баспасөз қызметінен.  
None
None

Г. Әбдіқалықова Президентті республикада «Жол картасын» жүзеге асыру барысынан хабардар етті. Бүгінгі күні аталған бағдарламаны іске асыру үшін бөлінген қаржының 62 пайызы игерілді, яғни ол 104 миллиардқа жуық теңгені құрайды.


Сондай-ақ кездесу барысында әлеуметтік блоктың бірқатар мәселелері, атап айтқанда, еліміздің көші-қон саясатының басым бағыттары талқыланды. Министр «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында - Оңтүстік Қазақстан облысының «Асар» шағын ауданындағы, Ақмола облысының Қызылжар кентіндегі үйлердің құрылысы және Курчатов қаласындағы тұрғын үйді қайта жөндеуден өткізуге қатысты ілкі жобалардың іске асырылу барысы туралы баяндады.


Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне «Жол картасын» жүзеге асырудың тетіктерін жақсартуға ерекше көңіл бөлуді, анағұрлым маңызы зор жобаларға басымдық сипатта назар аударуды тапсырды. Сонымен бірге ұсынылатын жәрдемақылар құрылымына талдау жасау, азаматтарға нақты кәсіп пен жұмыстар ұсынуға тиісінше көңіл бөлу қажеттігі туралы тапсырмалар берілді.

Соңғы жаңалықтар