10:45, 07 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Елбасы Филиппин Президентіне жүздеген адам өліміне алып келген табиғат апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады
АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Филиппин Республикасының Президенті Бенигно III Акиноға жүздеген адам өліміне алып келген табиғат апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
- Мен табиғат апаты салдарынан жүздеген адамның қаза тапқаны туралы суық хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Достас филиппин халқының орны толмас қайғысына ортақтасып, барша Қазақстан халқы атынан және өз тарапымнан құрбан болғандар мен зардап шеккендердің жанұяларына, туыс-туғандарына қайғырып көңіл айтамын, - делінген жеделхатта.