Елбасы «Гленкор Интернешнл» компаниясының Жәйрем комбинатын меншігіне алудың маңыздылығын атап өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Гленкор Интернешнл» компаниясының бас атқарушы директоры Айван Глазенбергті қабылдады,
None
None

деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен. Кездесуде компанияның Қазақстан индустриясын дамытуға қатысуының негізгі бағыттары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары қарастырылды. Мемлекет басшысы компанияның еліміздегі кәсіпорындары тұрақты жұмыс істеп, экономиканың дамуына оң ықпал етіп отырғанын атап айтты. Нұрсұлтан Назарбаев компанияның Жәйрем тау-кен байыту комбинатын меншігіне алуының маңыздылығын, оның айтарлықтай әлеуетке ие екенін атап өтті. А.Глазенберг Жәйрем кенішін одан әрі дамыту компанияның шикізаттық базасын кеңейтуге мүмкіндік беріп, қорғасын-мырыш саласының ұзақ мерзімді тиімділігін арттыруға ықпал ететініне тоқталды.

Соңғы жаңалықтар