Елбасы Италияда пойыздар апатында құрбан болғандарға байланысты көңіл айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Италия Республикасының Премьер-Министрі Маттео Ренциге Бари провинциясында болған пойыздар апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
None
None

Қазақстан Президенті жолаушылар пойыздарының соқтығысуы салдарынан  ондаған италиялық азамат опат болғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаев ауыр қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

 

Соңғы жаңалықтар