Елбасы Қарағандыда фармацевтикалық кәсіпорынды аралап көрді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - ҚР  Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қарағанды фармацевтика кешені» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елбасы Қарағандыда фармацевтикалық кәсіпорынды аралап көрді

Мемлекет басшысы озық құрылғылармен жабдықталған, өндірістік жобалық қуаты жылына 4 миллион биотехнологиялық дәрі-дәрмек бумасын шығаруға лайықталған кәсіпорынды аралап көрді.

nullСонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірдегі денсаулық сақтау саласын цифрландыру және мемлекет-жекешелік әріптестік аясындағы жобалардың іске асырылу барысы баяндалды.
 null