Елбасы ҚарМТУ профессор-оқытушылар құрамымен, студенттерімен әңгімелесті, «Салтанат» балын тамашалады
АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде болды, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Оқу орнын аралай жүріп, Мемлекет басшысы университеттің профессор-оқытушы құрамымен, студенттермен, бұрынғы курстастарымен әңгімелесті.
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті - Қазақстандағы ірі техникалық жоғары оқу орындарының бірі.
Университет республиканың «Электронды Университет» мәртебесіне ие жоғары оқу орындарының алтылығына кіреді.
Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің болашақ зияткерлік элитасы болып есептелетін, мектептердің үздік оқушылары - түрлі олимпиада жеңімпаздары, медаль иегерлері қатысқан «Салтанат» балын тамашалады.