Елбасы кәсіпкерлерге әрқашан қолдау көрсетіп келеді - В.Михно, БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Елбасы Жолдауы - елдің саяси-экономикалық өміріндегі аса маңызды оқиға. Мемлекет басшысы биыл Жолдауын әдеттегіден ертерек жариялады.
None
None

Мұның өзіндік сыры да жоқ емес. Өйткені Президентіміз әлемдік дағдарыстың елімізге де оңай тимейтінін алдын ала көрегендікпен сезініп, осындай тың экономикалық қадамға барып отыр. Бұл туралы «Отделстрой» құрылыс-коммерциялық фирмасы» ЖШС директоры, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі Валентина Михно мәлім етті.

Оның айтуынша, «Нұрлы жол» бағдарламасы өзінің терең мазмұндылығымен, мәселеге кешенді тұрғыдан келуімен ерекшеленеді.

«Біз секілді кәсіпкерлік өкілдеріне Елбасының бизнесті қолдаған сөздері айрықша жақын. Мемлекет басшысының бизнес қауымдастығына қолдау білдіруі бір бұл емес. Осы жолы да ол бизнесті ұлттық экономиканың жетекші күші ретінде атап өтті. Бұл шынында да солай. Қолдау көрсетумен бірге Елбасымыз біздің алдымызға нақты міндеттер қойып отыр. Былайша айтқанда, 2050 жылға қарай ішкі жалпы өнімдегі шағын және орта бизнес үлесін 50 пайызға дейін жеткізу керек. Кәсіпкерлікке мұндай қолдау барда бұл мақсатқа қол жеткізуге болады. Президент елімізде бизнесті 6 пайыздық мөлшерлемемен 10 жылға қолдауға жағдай жасалып отырғанын атап өтті. Ендеше, бізге, кәсіпкерлерге де білек сыбана, елден бұрын нәтижеге жету жолында тынбай еңбектену керек. Сөйтіп Елбасымыз алға қойған мақсат-міндет үдесінен шыға білуге тиістіміз», деді В.Михно.

Соңғы жаңалықтар