Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елбасы қазақ мәдениетін өркендетуге, ұлттық ақпарат кеңістігін кеңейтуге, мемлекеттік тілді дамытуға қажет болатын жағдайдың барлығын жасады - М.Құл-Мұхаммед

АСТАНА 4 ақпан. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мәдениет саласына жасаған қамқорлығына орай сенім үдесінен шығуға тиіспіз.

Елбасы қазақ мәдениетін өркендетуге, ұлттық ақпарат кеңістігін кеңейтуге, мемлекеттік тілді дамытуға қажет болатын жағдайдың барлығын жасады - М.Құл-Мұхаммед

Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті.

«Президент айқындаған «Қазақстан - 2050» стратегиясында мәдениеттің де алар орны зор. Бірақ біздің саланың ерекшелігі мәдениет бағытындағы нәтижелер бірден көзге түспейді. Бұл адамдардың шығармашылығында, болашақта жазылатын шығармаларда, өнер туындыларында көрініс табады. Елбасы қазақ мәдениетін өркендетуге, ұлттық ақпарат кеңістігін кеңейтуге, мемлекеттік тілді дамытуға қажет болатын жағдайдың барлығын жасады. Әлемдегі ең бәсекеге қабілетті ғимараттар салынып, олар ең соны технологиямен жарақталды. Заңнама жасалып, қаражат еселеп өсті. Біз ендігі уақытта Елбасының жасаған жақсылықтарына орай сенім үдесінен шығу үшін лайықты қызмет атқаруымыз керек», - деді М. Құл-Мұхаммед.