Елбасы Қазақстан әйелдерін төл мерекелерімен құттықтады

АСТАНА. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада өткен форумда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан әйелдерін наурыздың 8-і - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Айтулы мереке, халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақстан әйелдерінің V форумы өз жұмысын бастап отыр. Осынау маңызы зор шарада баршаларыңызды алдағы мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, бар жақсылық пен бақыт тілеймін. Өмірге ұрпақ әкеліп, тәрбиелеп өсіріп, тіршілікке тірек болған ардақты ана мен асыл жарға, аяулы қарындасқа әрдайым құрметпен қараймыз», - деді Мемлекет басшысы.
Соңғы жаңалықтар