Елбасы Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісімен Америкаға жоспарланған сапарын талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Қазақстанның Америка Құрама Штаттарындағы елшісі Ержан Қазыхановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісімен Америкаға жоспарланған сапарын талқылады

Кездесуде Қазақстан Президентінің келесі жылдың басында Америка Құрама Штаттарына жасалатын сапарына қатысты жүргізіліп жатқан дайындық барысы жөнінде Мемлекет басшысына баяндалды.

Нұрсұлтан Назарбаев алдағы сапардың маңыздылығына тоқталып, оның аясында жоғары деңгейде бірқатар маңызды кездесулер өтетінін, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысына қатысу жоспарланып отырғанын айтты.

Мемлекет басшысы кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді.