Елбасы Қазақстанның көп балалы аналарын «Алтын алқамен» марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай «Көктем шуағы» Қазақстанның әйелдер қоғамдастығы өкілдерімен кездесуі барысында 32 жастағы көпбалалы ана Самал Мақатоваға «Алтын алқа» тапсырды.

Елбасы  Қазақстанның көп балалы аналарын «Алтын алқамен» марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

С. Мақатованың 7 баласы бар. Мемлекет басшысы көпбалалы ананы құттықтай келе, «бүгінгі кездесуді пайдалана отырып «Алтын алқаны» сізге өз қолыммен тапсырамын. Ал қалған «Алтын алқаларды» өз иелеріне жергілікті әкімдер мен министрлерге тапсыруды жүктеймін»,-деді.

Сондай-ақ Елбасы Қазақстандағы көп балалы аналарды марапаттау жөніндегі Жарлыққа қол қойғандығын жеткізді.