13:23, 18 Мамыр 2009 | GMT +5
Елбасы: Қазір әрбір қазақстандық өз елінің антиядролық қозғалыстың көшбасшысы болғанын мақтан ете алады
АЛМАТЫ. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазір әрбір қазақстандық өз елінің антиядролық қозғалыстың көшбасшысы болғанын мақтан ете алады.

Бұл жайлы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгін Алматыда өтіп жатқан «ХХІ ? ядросыз ғасыр» деп аталатын халықаралық конференцияға қатысушыларға жолдаған құттықтауында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Тура 20 жыл бұрын менің Жарлығымен Семей ядролық сынақ полигоны біржолата жабылды. Бұл шешім Қазақстан жерінде жүздеген ядролық жарылыстарға нүкте қойды. Қазақстанның өз еркімен әлемдегі төртінші ядролық арсеналынан бас тартуы да үлкен маңызға ие болды. Семей ядролық полигонын жабуға көрнекті қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовтің жетекшілігімен «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысы да зор үлес қосты», - делінген құттықтауда. Бұл атаулы күннің әлемдік деңгейдегі тұрақтылық пен келісімді нығайту жолындағы қажырлы да игілікті шара болғаны айтылған, барлық қозғалыс мүшелеріне шын жүректен ақ пейіл білдірілген Елбасы құттықтауын Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов оқыды. Аталмыш мәслихат «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының 20 жылдығына арналып отыр.