Елбасы кезекті рет Қарағандыдағы тоқтап қалған ауылшаруашылық ұшақтарын шығару жобасы мәселесін көтерді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кезекті рет Қарағандыдағы тоқтап қалған

Елбасы кезекті рет Қарағандыдағы тоқтап қалған ауылшаруашылық ұшақтарын шығару жобасы мәселесін көтерді

ауылшаруашылық ұшақтарын шығару жобасы мәселесін көтерді. «Қолға алынған жобалар әлі де жұмыс жасамай тұр. Бұлар - «ҚазАвиаСпектр» зауыты мен Пархоменконың машина шығару зауыты. Олар неге тоқтап тұр?». Елбасы өзінің жұмыс сапары барысындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі жиыны кезінде өңір басшысына осындай сауал қойды.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ануар Ахметжанов Мемлекет басшысын бұл жобалар жөніндегі жұмыс қолға алынады деп сендірді.

«ҚазАвиаСпектр» - барлық қажетті жұмысты жасады. Биыл Сіздің тапсырмаңыз бойынша ресейлік әріптестермен олардың келісім бойынша атқаруға тиіс міндеттері жөнінде жұмыстар жүргізілді. Өкінішке қарай, қанша тырысқанымызбен олар өз тарапынан ынта танытпады», - деп хабарлады ол.

Әкім орынбасарының айтуынша, «ҚазАвиаСпектр» алғашқы ұшағын биылғы қазанда шығаруды жоспарлап отыр.

Өз кезегінде Елбасы: «Елге көрсетіп, бір рет ұшырдыңдар, осымен іс бітті ме?» деп сынға алды.

Президент Шахтинскідегі осымен 6 жыл бойы тоқтап тұрған жуғыш заттар зауытының тағдырына да қызығушылық танытты. «Сарандағы РТӨ зауыты 30 пайыз ғана қуатпен жұмыс жасауда. Яғни, сендерге оның қуатын көтеру керек», - деп қосты Елбасы.

Сондай-ақ, Н. Назарбаев индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру - барлық облыс, қала және аудан әкімдерінің алдындағы зор міндет екендігін атап өтті.