Елбасы «Конституция - мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты халықаралық конференцияға қатысады
АСТАНА. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Ата заңымыздың 15 жылдығына арналған «Конституция - мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Конференция жұмысына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Парламент депутаттары, орталық билік органдарының басшылары, халықаралық ұйымдар мен құқық қорғаушы институттардың, шетелдік парламенттердің, конституциялық бақылау және сот органдарының өкілдері, танымал құқықтанушы-ғалымдар қатысады.
Конференцияны Конституциялық сот, ҚР Парламенті, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті ұйымдастырып отыр.