19:25, 03 Наурыз 2009 | GMT +5
Елбасы ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджановты қабылдады
АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджановты қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында ағымдағы жылғы Парламенттің заң шығарушылық жұмыстарының қорытындысы және Мәжілістің жұмыс жоспары талқыланды. Биылғы сессия кезінде депутаттар 91 заң жобасын қарап мақұлдады, оның 73-і заңды күшіне енді.О.Мұхамеджанов сондай-ақ «Нұр Отан» ХДП парламенттік фракциясының Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасын жүзеге асыруға бақылау жөніндегі қызметі туралы ақпарат ұсынды.