Елбасы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындауға және конституциялық заңда белгіленген тәртіп пен мерзімде өткізуге бағытталған Заңға қол қойды
АНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындауға және конституциялық заңда белгіленген тәртіп пен мерзімде өткізуге бағытталған «Қазақстан Республикасының Конституциясына толықтыру енгізу туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
***
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Конституциясына толықтыру енгізу туралы
1-бап. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996., № 4, 217-құжат; 1998 ж., № 20, 245-құжат; 2007 ж., № 10, 68-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
41-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Президенттің кезектен тыс сайлауы Республика Президентінің шешімімен тағайындалады және конституциялық заңда белгіленген тәртіп пен мерзімде өткізіледі.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда 2 ақпан 2011 жыл № 403-IV-ЗРК