Елбасы ҚР Ұлттық қорын басқару кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізді

АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқару кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Отырыста әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында қазақстандық экономиканы тұрақтандыруға 10 млрд. АҚШ долларын бөлу туралы мәселе қаралды. Нұрсұлтан Назарбаев 2008 жылы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын капиталдандыруға алғашқы 5 млрд. доллар бағытталғанын атап өтті. Үкімет тағы 5 млрд. долларды «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына (480 млрд. теңге) және «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ға (120 млрд. теңге) инвестициялауды ұсынып отыр. - Шешім қабылданды, енді ақшаны экономикаға көмекке және оны нақты жандандыруға жөнелту қажет, - деді Нұрсұлтан Назарбаев отырыс барысында.
Соңғы жаңалықтар