Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елбасы Мәжіліс спикерімен әңгіме барысында жедел индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының құқықтық базасын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету жөніндегі парламентшілердің қызметі туралы сөз болды

АСТАНА. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановты қабылдады, деп хабарлады ҚР Президенінің баспасөз қызметі.

Елбасы Мәжіліс спикерімен әңгіме барысында жедел индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының құқықтық базасын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету жөніндегі парламентшілердің қызметі туралы сөз  болды

О.Мұхамеджанов Президентті Қазақстан Республикасы Парламентінің төртінші сессиясының ашылуында Елбасының сөйлеген сөзінде және «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттерді орындау жөніндегі Палата депутаттарының, «Нұр Отан» ХДП фракциясының жұмысы туралы хабардар етті.

Әңгімелесу барысында сондай-ақ еліміздің жедел индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының құқықтық базасын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету жөніндегі парламентшілердің қызметі туралы әңгіме болды.

- Президент депутаттық корпустың жұмысын жоғары бағалады және бірқатар маңызды заң жобаларын жедел және сапалы әзірлеуді қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты міндеттерді қойды, - деді Мәжіліс Төрағасы журналистерге арналған брифингте.