Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елбасы Н.Назарбаев Италия Премьер-Министрі С. Берлусконимен телефон арқылы сөйлесті

АСТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Италия Премьер-Министрі Сильвио Берлусконимен телефон арқылы сөйлесті,

Елбасы Н.Назарбаев Италия Премьер-Министрі С. Берлусконимен телефон арқылы сөйлесті
деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап . Мемлекет басшысы Италияның орталық өңірінде болған жер сілкінісінен көптеген адамдардың қаза табуына байланысты ауыр қайғыға ортақтасып көңіл айтты. Апаттың салдарынан 275 адам қайтыс болған, 1,5 мыңнан астам адам жарақат алған. Н. Назарбаев Қазақстан табиғат апатының салдарларын жою үшін Италия Үкіметіне қажетті көмек көрсетуге дайын екенін мәлім етті. С. Берлускони бұл ұсынысқа алғысын білдірді және жер сілкінісінен зиян шеккен тарихи нысандарды қалпына келтіруде Қазақстан көмек көрсете алуы мүмкін екенін атап өтті. Әңгімелесу соңында Италия Премьер-Министрі таяу уақытта құрамына іскер топтар өкілдері, қоғам қайраткерлері, журналистер енген делегация Қазақстанға бару ниетінде екенін мәлімдеді. Сондай-ақ «Милан» футбол командасының сапары да күтілуде. Сонымен қатар, С. Берлускони Н. Назарбаевты 2009 жылдың күзінде Италия Республикасына Мемлекеттік сапармен келуге шақырды.