Елбасы Нью-Йоркке жұмыс сапары ауқымында Кипр Президенті Димитрис Христофиаспен кездесті

НЬЮ-ЙОРК-АСТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йорк қаласына жұмыс сапары ауқымында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
None
None

ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Нұрсұлтан Назарбаев Кипр Республикасының Президенті Димитрис Христофиаспен кездесті.

Кездесу барысында екіжақты қатынастардың жай-күйі мен даму перспективалары, сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-сессиясы ауқымында талқылауға шығарылған мәселелер талқыланды.

«Біздің елдеріміздің арасында ешқандай проблема жоқ. Біз елдеріміздің сыртқы істер министрлерінің сапарларымен алмасуды ұйғардық. Мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевты Кипрге келуге шақырдым», - деді Д.Христофиас қазақстандық журналистерге арналған брифингіде.

Соңғы жаңалықтар