Елбасы «Нұр Отан» ХДП, Президент аппараты мен Үкіметке арнайы жоспар жасауды тапсырды

АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - «Нұр Отан» ХДП, ҚР Президенті аппараты және Үкімет Қазақстанның дағдарыс уақытында және дағдарыстан кейін жаңғыруы туралы жоспарын жасауы тиіс.
None
None
Бүгін «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесі Бюросының кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай тапсырма жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгінгі дағдарыс әлемге, барлық кәсіпорындарға, әрбір отбасына ендеп кірді. Бұдан шығудың екі жолы бар. Біріншісі, біз қол қусырып дағдарыстың қалай қысып жатқанын байқап қана отырамыз. Ал екінші жол, дағдарысты пайдалана отырып болашаққа жұмыс істеу. Мұндай шағын міндеттер бойынша креативті және жаңа идеямен ойлау заманын тудырады. Сондықтан да егер дағдарыс салдарынан қашып құтылу мүмкін болмаса, онда бұл дағдарыстың жойқын күшін барлық керексіз дүниеге қарай бағыттап жіберу керек», деді Н. Назарбаев. Осыған орай, Мемлекет басшысы партияға, Президент аппараты мен Үкіметке арнайы жоспар жасауды тапсырды. «Бұл үшін біздің қоғамның зияткерлік күшін жұмылдыру қажет», деді Н. Назарбаев.
Соңғы жаңалықтар