16:21, 12 Ақпан 2009 | GMT +5
Елбасы «Нұр Отан» партиясының мүшелерін 10 жылдық мерейтойымен құттықтады
АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ -Б үгін Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан» халықтық- демократиялық партиясы Саяси кеңесі Бюросының кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев партия мүшелерін 10 жылдық мерейтойымен құттықтады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Құрметті әріптестер, қымбатты нұротандықтар, біз бүгін айтулы күнге орай бас қосып отырмыз. Осыдан 10 жыл бұрын, 1999 жылғы ақпанның 12-сінде «Отан» Республикалық саяси партиясы ресми тіркеуден өткен болатын. Партияның барлық мүшелерін осы айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын», деді өз сөзінде Н. Назарбаев. Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясы осы 10 жылдың ішінде басқа да прогрессивті партиялармен бірлесе отырып, Қазақстан қоғамын өркендету жолында қыруар шаруалар атқарғанын атап көрсетті. «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» қандай қиындықтарды болса да бірге өткердік», деп атап көрсетті Елбасы.«Сіздер партияны қоғамның барлық сұраныстарын тап басып, айқындай білетін топтастырушы, жауапты, халық арасында саяси жұмыс жүргізе алатын саяси ұйымға айналдырдыңыздар», деді Елбасы партия мүшелеріне қаратып айтқан сөзінде. Бұл отырыста партияның 10 жылдық даму қызметінің қорытындылары мен алға қойған жаңа міндеттері талқыланып жатыр.