19:03, 12 Ақпан 2009 | GMT +5
Елбасы «Нұр Отанның» Құрмет белгісімен марапатталды
АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - . Бүгін «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесі Бюросының кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның Құрмет белгісімен марапатталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Нұр Отан» партиясы ? Елбасы Н. Назарбаевтың жүзеге асып, өзінің нәтижесін көрсете алған жемісті саяси жобасы болып табылады. Сондықтан да бүгінгі 10 жылдық мерейтой күні Мемлекет басшысын саяси жеңісімен құттықтаймыз. Біздің Саяси кеңес Бюросы «Нұр Отан» партиясының 10 жылдығына сәйкес өзінің Құрмет белгісін дайындаған. Соның алғашқы, бірінші нөмірін Сізге тапсырамыз», деді сенатор Қуаныш Сұлтанов.
Сондай-ақ жиын барысында ҚР Президенті, партия төрағасы Н. Назарбаевтың атынан партия белсенділері мен ардагерлері алғыс хаттармен марапатталды.