Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматының саябақ аймағы дамуымен танысты

СТАНА. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы дендробақты аралап көрді, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
None
None

Дендробақтың ауданы 73 гектарды алып жатыр, сәулетшілердің идеясы бойынша ол қаланың табиғи-экологиялық қалқанын қалыптастырудың іргетасы болмақ. Онда Алматының қонақтары мен тұрғындарына демалыс үшін қолайлы жағдай туғызылмақ.

Қазір дендробақта қаладағы ең ірі субұрқақ жұмыс істейді, ол музыкалық және түрлі-түспен безендірілген. Болашақта дендробақтың орталық бөлігінде танымдық сипаттағы нысандар орналастырылады, атап айтқанда, жабық климатрондарда оңтүстік және солтүстік жарты шардың өсімдіктері өсіріледі, тау өзенінен ландшафтық композициялар, жасанды су көздері мен тау жыныстары жасалады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дендробақты аралап көру барысында әкімдіктің Алматының саябақ аймағын дамыту жоспарларымен танысты. Мемлекет басшысы мұндай аймақтарды құру және дамыту Қазақстанның барлық қалаларының басымдықтары болуы тиіс екендігін атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар