Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ғасыр ғұламасы» жоғары атағына ие болды

None
None
АЛМАТЫ. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ғасыр ғұламасы» жоғары атағына ие болды.

Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан Қазақстан ғалымдары форумы кезінде айтылды.

«Кеше еліміздегі ірі ғалымдар бірлестіктерінің басшылары қауымдастығы мен Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының төралқа отырысы болып өтті. Онда бірауыздан: «Әлемдік ғылымды дамытуғы қосқан және мемлекеттің даму стратегиясының ғылыми негізін қалап, жүзеге асырғаны үшін Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа «Ғасыр ғұламасы» жоғары атағы берілсін», деген шешім қабылданды. Еліміздің ғылыми қауымдастығы атынан жоғары атақтың белгісі мен куәлігін қабыл алыңыз», - деді Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов. Оны Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының Президенті Мұрат Жұрынов табыс етті. Н. Назарбаев өз кезегінде: «Нақты ғылымда ешқандай жаңалық ашқан жоқпын, бірақ біз тарихта болмаған жаңа мемлекетті құрудағы әрбір қадамымызды, жолымызды, әрбір шешімімізді қабыл алуға болады. Жалпы менде халықаралық деңгейдегі көптеген сыйлықтар бар. Алайда оның ішіндегі ең мәртебелі марапат осы деп есептеймін», - деп алғыс білдірді.

Соңғы жаңалықтар