Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловты қабылдады
ТАНА. 25 шілде. ҚазАқпарат. Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловты қабылдады, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Б. Жұмағұлов Президентті Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы хабардар етті.
- Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын талқылау барысында Мемлекет басшысы «Балапан» бағдарламасымен жұмысты күшейту жөнінде, барлық деңгейдегі білім сапасын, соның ішінде, орта, кәсіптік-техникалық және жоғары білім сапасын жақсарту жөнінде нақты міндеттер қойды. Орта білім саласында, ең алдымен, педагогикалық кадрларды даярлау деңгейін көтеру қажет. Жоғары оқу орындарында біз жаңа формациядағы педагогтерді дайындауымыз керек. «Мен Мемлекет басшысына 1 шілдеден бастап еңбекақыны арттырғаны үшін Қазақстанның мұғалімдерінің ризашылық сезімдерін жеткіздім. Қыркүйектің 1-інен бастап жоғары категория үшін қосымша төлем 100 пайызға арттырылатын болады. Осының бәрі бүгінде барлық деңгейдегі білім сапасына көзқарасты қайта қарауға мүмкіндік береді. Жоғары білімге қатысты айтсақ, әрине, оған Назарбаев Университеті үлгі бола алады. Мұндай бірегей жоба еш жерде жоқ деуге де болады. Және біз, Президенттің тапсырмасы бойынша, өзіміздің жетекші университеттерімізді Назарбаев Университетінің деңгейіне дейін көтеруге тиіспіз, - деді журналистерге арналған брифинг барысында Б. Жұмағұлов.