Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Конституциясының 15 жылдығына арналған мерекелік концертке қатысты
СТАНА. Тамыздың 29-ы. ҚазАқпарат (Мұратбек Мақұлбеков) - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік сарайында өткен ҚР Конституциясының 15 жылдығына арналған мерекелік концертке қатысты.
Концерт бағдарламасы қазақтың халық музыкасы мен шетел классиктерінің және отандық авторлардың шығармаларынан тұрады. Концертке танымал өнер шеберлері: КСРО халық әртісі Әлібек Дінішев, халықаралық конкурстардың лауреаты, дирижер Алан Бөрібаев, республикалық конкурстардың лауреаты Ардақ Балажанова, дәстүрлі жанр шебері Айгүл Қосанова, «Болашақ» президенттік бағдарламасының степендиаты Мария Мудряк қатысты.Сондай-ақ көрермендер алдында Құрманғазы атындағы Мемлекеттік халық аспаптар оркестрі, Абай атындағы опера және балет театрының балет тобы, К. Байсейтова атындағы опера және балет театрының хор және симфониялық оркестрі, Б. Байқадамов атындағы Қазақ академиялық хор капелласы, «Жігіттер» тобы мен А. Селезнев атындағы хореографиялық училищенің оқушылары өнер көрсетті.