Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Тұңғыш Президентінің бірінші интеллектуалдық мектебін ашты

АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің физика, математика бағытындағы бірінші интеллектуалдық мектебін ашты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Бүгін біз ел өміріндегі өте маңызды оқиғаға қатысып отырмыз. Менің тапсырмам бойынша, Қазақстанда ел Президентінің 20 интеллектуалдық мектебі ашылатын болады. Оның тұңғыш қарлығашын біз бүгін елордамыз Астанада ашып отырмыз», деді салтанатты рәсімде сөйлеген сөзінде Н. Назарбаев. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл мектепте физика- математика пәндеріне зерек, дарынды балалар оқитын болады. Оларға сабақ беретін мұғалімдер конкурстық негізде іріктеледі.Біздің арманымыз, сіздерге артып отырған үмітіміз зор. Сіздер сол арман мен үмітті ақтайды деп сенемін, деді Елбасы оқушыларға қаратып айтқан сөзінде. Бұл «Тұңғыш Президенттің 20 интеллектуалдық мектебі» жобасы аясында республикамызда ашылып отырған алғашқы мектеп. Физика және математика пәндері тереңдетіліп оқытылатын осы интеллектуалды мектептің жұмысы «толық күн мектебі» үлгісімен жүзеге асырылады. Мектепте 28 смарт сыныптар, сандық техникалармен жабдықталған 14 интерактивті пәндік кабинеттер, 4 физика кабинеті, 6 мультимедиалық кабинет бар. Әрбір оқушы интернетке қосылған жеке ноутбукпен қамтамасыз етілген. Бұл мектепке республикамыздың академиялық орталықтарынан, сондай-ақ таяу және алыс шетелдерден шақырылған жоғары білікті мұғалімдер сабақ береді. Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтың айтуынша, интеллектуалдық мектепте оқушылар 6 сыныптан кейін конкурстық негізде қабылданады. 7-11 сынып аралығында балаларға білім мемлекет есебінен тегін беріледі. Ал 6 сыныпқа дейінгі оқушылардың ата-аналары тек жекелеген пәндер бойынша ғана балаларын ақылы оқытады. Мектепте сабақ қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Сонымен қатар жекелеген пәндер ағылшын тілінде оқытылады. Ж. Түймебаевтың айтуынша, алдағы жылдарда республикамызда тағы да осындай 19 мектеп ашылады. Олардың екеуі Алматыда, екеуі Астанада, ал қалғандары республикамыздың облыс орталықтарында орналасатын болады.
Соңғы жаңалықтар