Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің денсаулығының жақсы екендігін мәлім етті

  БЕРЛИН. 8 Ақпан. ҚазАқпарат Марлан Жиембай - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің денсаулығының жақсы екендігін мәлім етті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің денсаулығының жақсы екендігін мәлім етті

Бұл туралы Президент бүгін ГФР-дің Федералдық канцлері Ангела Меркельмен арадағы келіссөздерден кейін ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында неміс журналистерінің сауалына орай жауап қайтарды.

«Маған медициналық тексеруден өтіп, бұл туралы газетте жариялауға тура келді. Дәрігерім "Кеңес Одағы тұсында менің денсаулығыммен әскер қатарына шақырылатын еді" деді. Президенттер, ел басшыларының төңірегінде әркезде де осындай мәселелер туындап отырады. Адамдардың неліктен олай ойлайтындығын түсінбедім. Құдайға шүкір денсаулығым жақсы», - деді Елбасы.