Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Васильков кен байыту комбинатының атауын Алтынтауға өзгертуді ұсынды

nbsp;АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Васильков кен байыту комбинатының атауын Алтынтауға өзгертуді ұсынды.
None
None

Комбинат ұжымының алдында сөйлеген сөзінде Елбасы оларды жаңа фабриканың іске қосылуымен құттықтады және осынау маңызды оқиғаның құрметіне өндірістік комбинаттың атауын өзгертуге болатынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жұмыс сапарының барысында кен байыту комбинатының жаңа өндірістік желісін іске қосу рәсіміне қатысты.

Соңғы жаңалықтар