Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен еліміздің Бас шыршасының шамдары жағылды

ТАНА. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанадағы Ақ Орданың алдындағы алаңда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен еліміздің Бас шыршасының шамдары жағылды. Атап айтқанда, Бас шыршамен қатар Астанадағы отыз жаңа жылдық шыршаның шамдары бір сәтте жарқырады.
None
None

«Еліміздегі бірнеше жылдағы дәстүр бойынша жаңа ғана Бас шыршаның шамдарын жақтық. Осыдан кейін бүкіл Қазақстанның барлық қалаларында, ауылдарында шыршалардың шырақтары жағылатын болады. Жаңа жылдық мереке осыменен басталады. Жаңа жыл әсіресе жасөспірімдер үшін мол қуаныш әкеледі. Жаңа жыл баршамызға бақыт әкелсін, денсаулық әкелсін, ата - аналар аман болсын. Жасөспірімдер жақсы білім алып, еліміздің үлкен азаматы болуға талпынсын»,- деді құттықтау сөзінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар Президент биылғы жыл айрықша екенін, яғни Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы мерекеленетінін атап өтті.

Бүгінгі шара аясында бас шыршаның маңында жаңа жылдық билер мен әндер орындалды. Таратылған мәліметтерге қарағанда шыршаның маңында 3 мыңға жуық балалар мен ересектер жиналып, олар Аяз ата мен Ақшақардың, сонымен қатар келесі жылдың символы - "ұлу", «мүшел» жас циклын білдіретін 48 киіпкер, сондай-ақ 96 ертегі кейіпкерлерінің театрландырылған көрінісін тамашалады. Айта кетейік, бас шыршаның биіктігі 25 метр. Ол 2000 нан астам ойыншық, 925 стробоскоп, 240 жарық диодтары, сонымен қатар 400 метрге жуық жылтырақтар мен гирляндалармен безендірілген.

Соңғы жаңалықтар