Елбасы өкілеттігін ұзарту мақсатында референдум өткізу - орайы келген іс - Қ.Мерешев, зейнеткер, БҚО
ОРАЛ. 6 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Мен Өскеменде қабылданған бастамашыл топтың Қазақстан халқына арнаған Үндеуін қолдап, жақында «Нұр Отан» ХДП Батыс Қазақстан облыстық филиалына барып,
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Президенттік өкілеттігін 2020 жылдың 6 желтоқсанына дейін ұзарту жөніндегі параққа өз қолымды қойдым. Бұл туралы Орал қаласында тұратын зейнеткер Қамидолла Мерешев мәлім етті..
«Бұл ой маған аяқасты келген жоқ. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының мемлекетіміздің орнығуы мен танымалдығын арттыру жолындағы ұлан-ғайыр еңбегі, халықаралық қауымдастық алдындағы зор абыройы мен беделі бәрімізге аян. Айналдырған 19 жылда әлем танитын ғажап мемлекетке айналдық. Ол - халықты бірлік пен берекелікке ұйыта білген Елбасымыздың арқасы. Осыны ойлап, орайы келген істі қолдап, мен қолымды қоюды өзімнің азаматтық борышым деп есептедім»,- деді зейнеткер.