Елбасы Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
АСТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына келді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.
Сапар барысында бірқатар нысандарды аралау, сондай-ақ облыс жұртшылығы өкілдерімен кездесу жоспарланған.