Елбасы орнатқан осы экономика үлгісін сақтап қалу қажет - Жамбыл облысы жастар бірлестігінің жетекшісі

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - «Тәуелсіздік жылдары бойында Елбасы орнатқан осы экономика үлігісін барлық күш-жігерімізді сала отырып, сақтап қалу қажет», - деді ҚазАқпарат тілшісімен сұхбаттасқан «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы Жамбыл облыстық штабының жетекшісі Ықтияр Мырзахметов.

Елбасы орнатқан осы экономика үлгісін сақтап қалу қажет - Жамбыл облысы жастар бірлестігінің жетекшісі

Оның пікірінше, «Қазақстан-2020» Жалпыұлттық Демократиялық күштер одағын құру, сонымен қатар Президент өкілеттілігі мерзімін ұзарту жөніндегі референдумды өткізу бастамаларын уақыт пен қазақстандық даму жағдайлары еріксіз талап етеді.

«Менің ойымша, одақ құрылуы үшін қажетті алғашқы қадам жасалды да - билік басындағы партия төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин Одақтың құрылатындығы туралы жария етті және де Қазақстан қоғамы оған қызу қолдау білдірді. Енді екінші қадам - одақ жұмысын ұйымдастыру қалды», - дейді Ы.Мырзахметов.