Елбасы: Отанды қалай қорғау керектігін есте сақтайтын болсақ, онда болашағымыз бекем болады

АСТАНА. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Отанды қалай қорғау керектігін есте сақтайтын болсақ, онда болашағымыз бекем болады.
None
None

Бүгін Астанадағы «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қойғаннан кейін Елбасы Н.Назарбаев осылай мәлімдеді.

«Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелей отырып Қазақстан аға буынның ерлігін еш ұмытпайды. Егер біз Отанды қалай қорғау керектігін есте сақтасақ және ардагерлерімізге жақсы қамқорлық жасасақ, онда болашағымыз бекем болады», - деп атап өтті Президент. Мемлекет басшысы бүгін Ұлы Жеңістің 67-ші жылдығы мерекеленіп отырғандығын, сондай-ақ бұл Ұлы Жеңіс өте үлкен қиыншылықпен келгенін және талай миллион адам осы Жеңіс жолында шейіт болғандығын еске алып  өтті.

«Жыл өткен сайын майдангерлердің саны азайып келе жатыр. Олармен көбірек сөйлесіп, ардагерлерді көбірек біліп, жастардың алдында сөйлетіп, ерліктің, Отансүйгіштіктің тәлімін ақсақалдардан алу керек. Үлкен ақсақалдары бар адамдар бақытты. Үлкен кісілер - қазына», - деді Н.Назарбаев.

Елбасы ардагерлер ұдайы мемлекеттің назарында болатынын жеткізді. «Біз тылда жұмыс істеп, Жеңісті жақындатқан азаматтардың барлығын құттықтаймыз. Атап айтқанда, осы Ұлы Жеңіске жауынгерлермен бірге тыл жұмысшылары да елеулі үлес қосты», - деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар