Елбасы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар проблемасын шешуді оң бағалады

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаев өзін-өзі жұмыспен қамтыған 2,7 миллион адамның арасында 1,8 миллионының мәртебесі өзектендірілгенін айтты.
Оның сөзіне қарағанда, қалған 900 мың адамдар бойынша тиісті жұмыстар жалғасуда және осы бағыттағы шаралар биылғы жыл соңына дейін аяқталады.
«Көрдіңіздер ме, бұл проблеманы шешуге болады. Көп жылдардан бері өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мәселесі айтылып келген еді. Енді бұл жұмыспен тыңғылықты айналысқаннан кейін, мәселеге қатысты лайықты шешім шығаруға болады», - деді Н. Назарбаев Үкімет басшысының орынбасары Е. Досаевқа қарата айтқан сөзінде.
Еске салайық, Астанада Елбасының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтіп жатыр.
Ерболат Досаев сондай-ақ, «7-20-25» ипотекалық бағдарламасының алғашқы нәтижелері, «Сарыарқа» газ құбырының құрылысы жөнінде баяндады.