Елбасы Павлодар облысының басшылығына барлық инвестициялық жобаларды жоспарланған мерзімде аяқтауды тапсырды

АНА. Қыркүйектің  2-сі.  ҚазАқпарат -   Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаев  бүгін Павлодар  облысының әкімі Бақытжан  Сағынтаевты  қабылдады, 
None
None

деп   хабарлайды  ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Әкім Президентке  Павлодар облысында  жүзеге асырылып жатқан инвестициялық   жобалар, егін орағының барысы,    дағдарысқа қарсы    шаралар  мен   Жол  картасы  бағдарламасының  орындалу  барысы   туралы    баян  етті.

Атап айтқанда,   осы  бағдарламаның аясында   100   шақырымдай   жол  төселді,  жөнделді  және қайта  жаңартылды.     Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында   коллекторлар,   су және  жылу  құбырлары    ауыстырылды.    156 мектеп     жөндеуден өткізілді.

Елбасы   облыс басшылығына   барлық инвестициялық   жобаларды    жоспарланған  мерзімде  аяқтауды,     егін орағын   оңтайлы  мерзімде  өткізуді,  сондай-ақ   Жол  картасын жүзеге асыруға бөлген  қаражатты  толық көлемінде игеруді тапсырды.

- Жыл басымен салыстырғанда, бүгінде  облыстың  барлық өнеркәсіп  кәсіпорындары     өнім шығару көрсеткіші  бойынша 2008 жылғы деңгейге шығып отыр.    Кәсіпорындарда  жалақыны  көтере бастады,   сыйақылар берілуде.     Қысқартылған    кестемен жұмыс істеп жатқан  адамдар  жоқтың қасы.     Мәжбүрлі демалыста жүрген  мамандар  жоқ.  Бұл    аймақ  экономикасының   жандана  бастағанын   көрсетеді»,  - деді    облыс әкімі      журналистерге  арналған брифингте.

Соңғы жаңалықтар