Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елбасы: Президент сайлауы Қазақстан халқының кемеңгерлігін бүкіл әлемге паш етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент сайлауы Қазақстан халқының кемеңгерлігін бүкіл әлемге паш етті. Бұл туралы бүгін ҚР Президентінің ұлықтау рәсімінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Елбасы: Президент сайлауы Қазақстан халқының кемеңгерлігін бүкіл әлемге паш етті

«Қымбатты, отандастар! 26 сәуір еліміз үшін тағы бір тарихи тағдырлы күн болды. Президент сайлауы Қазақстан халқының кемеңгерлігін бүкіл әлемге паш етті. Ел бірлігіне беріктігі мен кемел келешекке сенімін танытты. Мәңгілік елдің мызғымас ұстанымдарына адалдығын көрсетті. Бұл таңдау жарқын болашаққа қадам басқан Қазақстанның таңдауы. Бірлігін берекеге ұластырып, ұлы істер жолында ұйысқан барша халықтың жолы. Өзінің ұрпағының болашағын қасиетті Отанымыз Қазақстанмен бірге көретін әрбір азаматтың ерік-жігері», - деді Елбасы.

ҚР Президенті бүгінгі мерейлі сәтте өзіне берілген сенім мандаты мемлекетімізді нығайту жолындағы қыруар істердің бағасы екенін баса айтты.

«Қазақстанды ең қуатты елдердің қатарына қосуды көздейтін ұлы мақсатқа берілген халқымның ақ батасы «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы мен «Қазақстан -2050» стратегиясына, «Нұрлы жол» бағдарламасы мен 5 халықтық реформаға елімінің білдірген қолдауы», - деді Мемлекет басшысы.