Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елбасы Ресей Президентіне адамдардың өмірін қиған терактіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевке адамдардың өмірін қиған терактіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Елбасы Ресей  Президентіне адамдардың өмірін қиған терактіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

- «Домодедово» әуежайында бейбіт азаматтардың қаза болуы мен жарақаттануына алып келген лаңкестік әрекет туралы хабарға қатты күйзелдім.

Қазақстан халқы және жеке өз атымнан Сізге, сондай-ақ қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын,- делінген көңіл айту жеделхатында.