Елбасы Сауд Арабиясы экономика министрімен және БҰҰ Бас хатшысының орынбасарымен екіжақты кездесулер өткізді

АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ІІ Астаналық Экономикалық Форум аясында Сауд Арабиясы Корольдігінің Экономика және жоспарлау министрі Халеда Бен Мұхаммед Әл-Кусебимен және БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Еуропалық экономикалық ұйымының атқарушы хатшысы Ян Кубишпен екіжақты кездесулер өткізді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекет басшысы мен Сауд Арабиясының Экономика және жоспарлау министрі екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту мәселелерін талқылады. Белсенді іскерлік байланыстарды жолға қоюда екі елдің арасында тікелей әуе қатынасын ашу маңызды рөл атқаратыны атап көрсетілді.Халеда Бен Мұхаммед Әл-Кусеби Н.Назарбаевты қазіргі кезде Қазақстан мен Сауд Арабиясының үкіметтері Қосарлы салық салуды болдырмау туралы және білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерді әзірлегені, олардың бүгінде қол қою кезеңінде екендігі жөнінде хабардар етті.Сауд Арабиясы Қазақстанмен инвестициялық ынтымақтастықты, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы, мұнай-газ саласы, энергетика мен қаржы секторындағы қатынастарды дамытуға ниетті.БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Еуропалық экономикалық ұйымының атқарушы хатшысы Ян Кубишпен Қазақстанның транзиттік-көлік әлеуетін дамыту перспективасы талқыланды.Әңгіме барысында Қазақстанның «Еуропаға жол» бағдарламасының маңыздылығы аталып өтті. Оның негізгі мақсаты Еуропа елдерімен және еуропалық құрылымдармен жан-жақты ынтымақтастықты дамыту болып табылады.Я.Кубиштің пікірінше, аталған Бағдарлама Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалығының өзіндік «жол картасы» бола алады.
Соңғы жаңалықтар