10:12, 13 Қаңтар 2009 | GMT +5
Елбасы ШЫҰ Хартиясына өзгертулер енгізу туралы хаттаманы бекіту туралы Заңға қол қойды
АСТАНА-АҚОРДА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат - Елбасы 2009 жылғы қаңтардың 5-індегі №118-IV ҚРЗ «Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) 2002 жылғы маусымның 7-сінде қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымының хартиясына өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) 2002 жылғы маусымның 7-сінде қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымының хартиясына өзгерістер енгізу туралы Шанхайда 2006 жылғы 15 маусымда қол қойылған хаттама ратификациялансын» делінген Заң мәтінінде.