08:35, 27 Ақпан 2009 | GMT +5
Елбасы Солтүстік Қазақстан облысына сапар жасайды
ПЕТРОПАВЛ. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін жұмыс бабындағы сапармен Солтүстік Қазақстан облысына келеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысы «Шапағат» коммуналдық базарында, қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесінде болады, орыстың масленица мерекесіне қатысады, халықпен және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездеседі. Елбасы сондай-ақ қазақ классикалық гимназиясында, «Петропавл бройлер құс компаниясы» ЖШС-інде, «Наурыз 2030» жылыжай шаруашылығында болады.