Елбасы Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүр

ПЕТРОПАВЛ. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.
None
None
Елбасы Үкіметтің 2009-2011 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы бағдарламасының жер-жерлерде орындалу барысымен танысып, облыста шағын және орта бизнеске, агроөнеркәсіптік кешен мен индустриялық секторға қандай қолдау көрсетіліп жатқанын анықтады. Аграрлық өңір үлкен стратегиялық маңыздағы Ресейдің Қорған, Түмен және Омбы облыстарымен шекаралас орналасқан. Бүгінгі күннің жағдайында ел экономикасының даму қарқыны әлемдік қаржы дағдарысының әсерімен өзгеріске ұшырады. Қазіргі уақытта аймақта жұмыс тобы құрылып отыр, «Солтүстік Қазақстан облысының экономикасын және қаржы секторын тұрақтандыру жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған іс-қимылдардың жоспары» әзірленді. Жоспардың мақсаты жаһандық дағдарыстың аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға теріс әсерін барынша бәсеңдету, экономика мен қаржы рыногын тұрақтандыру үшін, барлық әлеуметтік шығыстар мен азаматтардың алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді сақтау үшін қажетті негіздерді қамтамасыз ету болып табылады. Елбасы Петропавлдың Мағжан Жұмабаев атындағы алаңында өтіп жатқан ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесінде болды. Мемлекет басшысы аялдаған екінші нысан ? «Шапағат» коммуналдық базары болды. Елбасы азық-түліктің негізгі түрлерінің бағаларын сұрап білді. Одан кейін Н.Назарбаев жедел тұрғызылатын ғимараттар мен құрылыстардың жаңа зауытына барды. Онда Президент металл құрылғылардың өндірісімен танысты. Елбасын хабардар еткендей, бұл жобаның құны 170 миллион теңгені құрайды. Ол мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыруға «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамын несиелеу бағдарламасы бойынша Еуразиялық банк арқылы бөлінген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылып отыр.
Соңғы жаңалықтар