Елбасы сыйлығы бүлдіршіндердің жадында өмір бойы сақталады - Алматыдағы №23 мектеп директоры

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы №23 жалпы білім беретін мектепте білім күніне қатысты салтанатты жиында бүлдіршіндерге Президенттің сыйлығы - «Менің Отаным - Қазақстан» («Моя Родина - Казахстан») кітабы сыйға тартылды.
None
None

Бүгін аталған білім ордасында 96 алматылық бүлдіршін алғаш рет мектеп партасына отырды.

«Мемлекет басшысы керемет сыйлық тарту етті. Бұл әлбетте, балалардың жадында өмір бойы сақталмақ. Бірінші сынып оқушылары салтанатты жиынға дейін кітапты алып үлгерді. Менің ойымша, бұл - керемет тарту», - деді М.Нарбаева.

Мектеп директоры жаңадан келген бүлдіршіндердің қазақ және орыс тілдеріндегі төрт сыныпта білім алатынын жеткізді.

Айта кетейік, бірінші сынып оқушыларына берілген кітапта Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, «Мәңгілік ел» ұлттық бағдарламасы жөнінде айтылады. Мектеп есігін ашқалы отырған балдырғандарға Қазақстаннның картасы, елордамыз - Астана, Алматы қаласы және әр аймақ туралы жеке беттер ұсынылып отыр.

Сондай-ақ шығармадан бірінші сынып оқушылары Қазақстанның табиғаты мен климаты, біздің республикамыздың әсем өңірлері жайлы жан-жақты білетін болады.

Қазақстанның мақтанышы - Байқоңыр кешеніне арнайы бет берілген.

Қазақ хандығының 550 жылдығына және қазақ халқының ағартушыларына бөлек бөлім арналып отыр.

Еске сала кетсек, ҚР Білім және ғылым министрлігінің ақпаратынша, 1 қыркүйекте 336 мың бірінші сынып оқушылары мектеп партасына отырды.

Соңғы жаңалықтар