Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елбасы тапсырмасымен Үкімет Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының ауыл еңбеккерлерін қамқорлықсыз қалдырмайды - К.Мәсімов

nbsp;АҚТӨБЕ. Шілденің 23-і. Қазақпарат /Қанат Құлшыманов/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Үкімет Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының ауыл еңбеккерлерін қамқорлықсыз қалдырмайды. Бұл туралы Ақтөбеде кеңесте сөйлеген сөзінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлімдеді.

Елбасы тапсырмасымен Үкімет Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының ауыл еңбеккерлерін қамқорлықсыз қалдырмайды - К.Мәсімов

«Мен кеше және бүгін Мемлекет басшысымен телефон арқылы сөйлестім. Мен оған Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарындағы жағдай туралы баяндадым. Президент маған тікелей тапсырма берді: ауыл еңбеккерлерін қамқорлықсыз қалдырмау керек. Үкімет биылғы қолайсыз жылдың салдарын жұмсарту үшін қолдан келгеннің бәрін істейді. - деді К.Мәсімов. - Жыл жақсы болған кезде сіздер есесін қайырасыздар. Қазір біз сіздерге көмектесуге тиіспіз».

Биылғы жылы Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында аса қатты қуаңшылық болып тұр, егістіктің 50 пайыздан астамы күйіп кетті.