Елбасы телекөпір арқылы Павлодардағы жүк вагондары өндірісі жобасын іске қосты

АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Астанадағы «Көрме» кешенінде «Қуатты Қазақстанды бірге көркейтеміз!» атты индустриалды-инновациялық форумы барысында Елбасы Н. Назарбаев жалпыұлттық телекөпір арқылы Павлодар облысындағы «Қазақстан вагонжасау кампаниясы» ЖШС жүк вагондары өндірісі іске қосылды.

Елбасы телекөпір арқылы Павлодардағы жүк вагондары өндірісі жобасын іске қосты

Жобаны жүзеге асыру зауыттың қуаттылығын жылына 500 вагоннан 2500 вагонға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, нысан көлік машиналарын жасауды дамытуға бағытталған - зауыттың өндірістік қуаты теміржол саласын вагондармен қамтамасыз етеді, өндірістің әртараптануын, сондай-ақ, машина жасау, металлургия, химия, басқа да қосалқы өндірістердің дамуын қамтиды.

Қысқа мерзімде «Қазақстанның вагон жасау компаниясы» ЖШС қосымша өндіріс алаңдарын құрып, содан кейін әлемнің алдыңғы қатарлы өндірушілерінің жоғары технологиялы жабдығын жинастырумен, Екібастұз қаласындағы вагон жөндеу депосының негізінде жүк вагондары өндірісін ұйымдастырды.

Жоба толық көлемде іске қосылғанда, қазақстандық мазмұн 92 пайызды құрайды.